Қазіргі таңда, қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия алды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінен.
«Ең көп жолдама биатлоннан Қазақстан құрамасында - 10 (бес еркек, бес әйел). Командаға мына спортшылар енді: Василий Подкорытов, Максим Браун, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Алина Райкова, Дарья Климина, Галина Вишневская, Ольга Полторанина және Елизавета Бельченко. Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан мына сайыстар өтеді: спринт, ізге түсу, жекелей сайыс, масс-старт, аралас эстафета және эстафета.. Во всех соревнованиях планируется участие казахстанских спортсменов», - делінген хабарда.
Фристайлдан ел намысын 9 спортшы қорғайды (үш еркек, алты әйел). Могул сайысында Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Амренова өнер көрсетеді. Акробатикада жарыс жолына Маржан Ақжігіт, Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Ақмаржан Қалмұрзаева және Ильдар Бадрутдинов шығады.
«Шаңғы жарысында жеті спортшымыз тізімге ілінді (төрт еркек, үш әйел). Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Валерия Тюленева, Анна Шевченко мен Елена Коломина Пхенчханда медальға тартысады», - делінген хабарда.
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жеті спортшыны Олимпиадаға апарады (бес еркек, екі әйел). Олар - Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғәлиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова мен А Йонг Ким.
Коньки тебуден Каннындағы мұз айдынға алты спортшымыз шығады (бес еркек, бір әйел). Бұл спорт түрінен ел намысын мына спортшылар қорғайды: Роман Креч (500, 1000 м), Станислав Палкин (500, 1000, 1500 м), Артем Крикунов (500 м), Федор Мезенцев (1000, 1500 м, масс-старт), Денис Кузин (1000, 1500 м) және Екатерина Айдова (500, 1000, 1500 м).
Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық үш спортшымыз сайысқа түседі (бір еркек, екі әйел). Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Имамбек өз өнерлерін паш етпек.
Тау шаңғы спортынан Қазақстан екі спортшыны тіркеді (еркек, әйел). Олар Игорь Закурдаев пен Мария Григорьева..
Шана спорты мен трамплиннен секіруден екі спортшымыз өнер көрсетеді. Ел намысын Пхенчханда Никита Копыренко (шана спорты) мен Сергей Ткаченко (трамплиннен секіру) қорғамақ.
Естеріңізге сала кетсек, Пхенчхандағы қысқа Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2,9 мың спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп күтілуде. Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғәлиев ұстап шығады.
Қазіргі таңда Пхенчханде Қазақстанның ҰОК ұйымдастырушы штабы дайындалған, олимпиада ауылдарында қазақстандық спортшылардың келуіне барлығы дайын. Айта кетейік, бірінші болып, 1 ақпанда Пхенчханға отандық биатлонистер келеді. 7 ақпанда олимпиада қалашығында Қазақстанның мемлекеттік туы көтеріледі.
