Астанада ер адамға құны 1 млн еуро тұратын жасанды жүрек имплантациясы жасалды.
Астанада Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы базасында халықаралық зерттеу аясында жаңа жасанды жүрек имплантациясы бойынша операция өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Жасанды жүрек имплантациясы әлемде Франциядан кейін Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Операция халықаралық зерттеу аясында өтті. Зерттеуге Қазақстанды қоса алғанда, бес ел қатысып жатыр», — деді орталық басшысы Юрий Пя елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Ота Павлодар облысында тұратын 60 жастағы қарияға жасалды. Ер адам ұзақ жылдар созылмалы жүрек ауруымен ауырған.
