Қаз   Рус

Қазақстанда ажырасқандарға баж салығын көбейту ұсынылды

96 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 09 Ноя 2017, 16:50

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Әли БЕКТАЕВ отбасы құндылықтарын жетілдіру мақсатында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгінгі таңда жас отбасылардың арасындағы ажырасу деңгейі ауылдық жерлерде 27 пайыз, қалаларда 40 пайызға жеткен. Олардың 40 пайызының некесі алғашқы 5 жылда бұзылады екен. Қазіргі үрдістердің себебі тек қана әлеуметтік, экономикалық мәселелер деп айту әбестік болады. Басты себеп - отбасыдағы тәрбиенің, құндылықтардың құлдырауында деп тоқталған сенатор бүгінгі қоғамымызда қыз тағдырын тәлкек еткендер, жеңіл жүрісті қыздар, тастанды балалар, ата-аналық құқықтан бас тартқандар көбейгенін де тілге тиек етті. Отбасының қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталған Бектаев отбасын сақтаудың түрлі тетіктерін іске қосуды ұсынды.

«ҚР Әділет министрлігіне қарасты АХАЖ бөлімдерінің жанынан кәсіби психолог мамандардан құралған отбасылық-психологиялық кеңес орталықтарын көптеп ашуды, еліміз аумағында жас отбасыларға арналған кеңестер мен үлгілі отбасылардың тәжірибесін насихаттайтын бала тәрбиесін қамтитын кітаптарды көптеп шығаруға кеңес беріледі. Ата-ананың жауапкершілігін арттыру мақсатында ҚР Әкімшілік кодексіне бұзақылық немесе қылмыс жасаған жасөспірімдердің әке-шешесіне әкімшілік шара қолдану жөнінде бап енгізуді, отбасының бұзылуын тежеу мақсатында неке бұзуға төленетін баж салығының көлемін жұптарға материалдық тұрғыдан сезілетіндей етіп көбейту ұсынылады», – деді Әли Бектаев.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!