ТМД-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігі, 66 Кеңесінің шешімі бойынша 2017 жылдың 10 желтоқсанында Астана уақытымен 00 сағат 00 минутта пойыздардың 2017-2018 жылдарға арналған жаңа кестесі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа жылдан бастап күн сайын жүретін жаңа №154/153 «Астана-Семей» жүрдек пойызы жолға шығатын болады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан №376/375 «Астана-Лениногорск» пойызының стандартты вагондары қазіргі заманғы жайлы «Тұлпар-Тальго» вагондарына ауыстырылады.
Жолда жүру уақыты 28 сағат, яғни қазіргі кестемен салыстырғанда 3 сағатқа тезірек баратын болады. Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан төмендегі пойыздардың реттік саны былайша өзгереді: - «Алматы-Атырау» №35/36 (бұрын №77/78); - «Алматы-Защита» №45/46 (бұрын №69/70); - «Астана-Ақтөбе» №97/98 (бұрын №87/88); - «Алматы-Петропавловск» №703/704 (бұрын №705/706); - «Алматы-Шымкент» №709/710 (бұрын №707/708).
Сондай-ақ «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша №303/304 «Алматы-Екатеринбург» пойызының маршруты Қазан қаласына дейін ұзартылды. Енді 2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ол халықаралық №303 /304 «Алматы-Астана-Қазан» пойызы ретінде қатынайтын болады.
