Қазақстандағы медициналық ұйымдардың жартысында ғана интернет бар, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«2018 жылдың соңына дейін ақпарат және коммуникация министрлігі облыс әкімдіктерінің бірлескен талшықтық-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз ету жобасы аясында ауылдық елді мекендердің денсаулық сақтау нысандары интернет желісіне қосылады. Бүгінде қолжетімділік 49% құрап отыр», - деді Е. Біртанов денсаулық сақтау министрлігінің коллегиясында жұмада.
Осылайша, оның айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР денсаулық сақтау ұйымдары қағазсыз іс жүргізу форматына ауысады.
«Оның ішінде электронды амбулаторлық карта бар. Осы ретте, барлық аймақтар қамтылу деңгейін өту кезеңіне дейін 100%-ға жеткізу керек», - деп тапсырды ол.
