Жанна Хайрулина Германиядағы «WorldTopModel» конкурсында топ жарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазақстан аруы» конкурсының ресми аккаунтына сілтеме жасап. «Көкшетау аруы-2015» Жанна Хайрулина 25 қарашада Германияның Дюссельдорф қаласында өткен «WorldTopModel» байқауының үздік моделі атанды. Енді ол биылғы желтоқсанда Мажарстан астанасы Будапештте өтетін «WorldTopModel» халықаралық модельдер көрмесінде Германияның атынан шығады», - делінген хабарламада. Қазір Жанна Хайрулина Германияның «Дюйсбург Эссэн» университетінің бұқаралық ақпарат құралдары факультетінде магистратурада оқиды.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
