Қазақстандықтардың шамамен 70%-ның емдеу, тексеру немесе диагностика сапасына көңілі толмайды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова.
«Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде баяғыша халықтың емдеу, тексеру немесе диагностика сапасына көңілінің толмауы бірінші кезекте тұр және де 69% құрады», - деді А. Есмағамбетова жұмадағы денсаулық сақтау министрлігінің коллегиясында.
Оның мәліметі бойынша, еліміздің үш аймағында дәйекті шағымдардың артуы байқалып отыр - Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы.
«Баяғыша уақытша ақыл есінің дұрыс еместігі туралы анықтаманы берудің заңдылығы және дәйектілігі екінші орында тұр. Жалпы, осы тұрғыдағы шағымдар еліміз бойынша 7%-ға артқан, (аймақтар арасында - ҚазТАГ) Алматыда бұл көрсеткіш 57%, ШҚО-да 36%, Павлодарда - 35% көрсетіп отыр», - деп хабарлады ведомствоның өкілі.
Осы ретте, ол статистика ресми түрде қағаздай немесе электронды түрде немесе блогқа жазылған шағымдар бойынша түзілетініне назар аударды.
«Алайда, тәжірибе көрсетіп тұрғандай әлеуметтік желілерде медициналық қызметтің сапасына шағымдар өте көп. Ереже бойынша олар статистикада ескерілмейді және қарастырылмайды», - деп ведомсвтодан толықтырды.
Осы ретте, А. Есмағамбетова әлеуметтік желілерде жарияланған шағымдарды есепке алу және оларға міндетті түрде жауап қайтару керектігі турулы мәселені қарастыруды ұсынды.
«Денсаулық сақтау бойынша барлық аймақтық департаменттердің, комитеттердің және басқармалардың әлеуметтік желілерде парақшалары болуы керек», - ден есептейді ол.
