Мамыр айының соңынан бастап Қазақстан - Литва бағытында жаңа әуе рейсі ашылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«Қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы 2018 жылдың 27 мамырынан бастап Астана-Вильнюс (Литва) жаңа әуе бағытында ұшуды жоспарлап отыр. Әуе рейстері аптасына екі рет бейсенбі және жексенбі күндері Boing 737 типіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады», - делінген комитеттің Фейсбукте жарияланған хабарламасында. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша әуе билеттері сатылымға шығып қойған.
