Қазақстанның үш өңірінде күшті желдің әсерінен дауыл ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Күндіз 24, тәулігіне 25-27 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыс, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және аса сақталады», - делінген сәрсенбідегі таратылған хабарда.
Күндіз 24, тәулігіне 25 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және аса сақталады.
25-27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және аса күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.
