Қаз   Рус

БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізілуде

122 қаралды
0
kaztag.kz
Среда, 08 Ноя 2017, 18:10

Палатаның жалпы отырысында парламент мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Ақпарат және байланыс туралы заң жобасы 2016-2021 жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының тұжырымдамалық жоспары және 2017 жылға арналған үкіметтің заңнамалық жұмыс жоспары шеңберінде әзірленген. Бұл заң жобасында 12 заң мен төрт кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген», - деп мәлімдеді бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.

Бұл ретте ол заң жобасының негізгі бағыттары туралы сөз қозғады.

«Біріншіден, бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың сапалы заңнамалық базасын қалыптастыру. Әкімшілік ауыртпалықты төмендету және санкциялардың пропорционалдығын қамтамасыз ету үшін, аздаған заңбұзушылықтары үшін тираждың барлығын тәркілеу, бұқаралық ақпарат құралдарының әрекеттерін уақытша тоқтату секілді жаза түрлерін алып тастау жоспарлануда. Сонымен қатар, жалған ақпараттарды таратқаны үшін бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігінен босатылатын негіздер тізімі кеңейе түседі», - деді ол.

Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтың бейнесін жариялауға келісімін қажет етпейтін жағдайлар да бар. Мәселен, мәдени-бұқаралық, спорттық-бұқаралық және басқа да іс-шаралар, жұртшылықтың алдындағы сөз сөйлеуі кезіндегі және т.б. бейнелер. Сонымен қатар, қазақстандық мазмұнды одан әрі насихаттау шеңберінде мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қоғамдық телеарналар үшін тек отандық телеарналардың көрсетілуін қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Екіншіден, қазақстандықтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылын реттеу. Бұқаралық ақпарат құралдарында заңсыз әрекеттердің салдарынан зардап шеккен баланы анықтауға мүмкіндік беретін кез-келген ақпаратты шектеу ұсынылады. Сондай-ақ, сенімсіз ақпаратты жариялау кезінде туындаған дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Бұл мәселеде тараптардың тең бәсекелестігін қамтамасыз ету маңызды», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

 «Ресми хабар» тұжырымдамасы кеңеюде. Егер мұндай хабарлар тек мемлекеттік органдармен ғана жариялануы мүмкін болса, онда заң жобасында олардың қатарына мемлекеттік мекемелерді, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға енгізуге болады. Заң жобасында бұқаралық ақпарат құралдарына өздерінің ауызша және жазбаша сұрауларымен, уақытты, нысанды және тәртіпті көрсету туралы ақпарат беру процесі толығырақ реттеледі», - деді Д. Абаев. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!