Батыс Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазгидромет» РМК БҚО филиалына сілтеме жасап.
4 желтоқсанда күндіз, 5-6 желтоқсан күндері тәулік бойы өңірдің кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек.
Оған қоса 5-6 желтоқсан күндері қар жауып, бұрқасын көтеріліп, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал. Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандар мен электр, байланыс желілерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар алынуда.
