Рахым Ошақбаевтың ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан алған үлкен сұхбаты барысында қысқа мерзімді бензин бағасының динамикасы жайлы с-з болды деп хабарлайды tengrinews.kz. "Желтоқсанда Ресейден келетін бензин мөлшері қысқаруға тиіс. Менің ойымша, максимум 20-25 пайыз болады. Ішкі саудада мұнайшылар бағаны көтермесе, онда бағаны төмен қарай құлдилайтыны жайлы айтуға болады. ҚМГ 161 теңге, Sinooil 162 теңгеден төмендейді. Бағаның төмендеуі қарашаның соңында, желтоқсанның басында күтіледі", - деді министр. "Егер әдеттегіден тыс жағдай болмаса осы баға желтоқсан мен қаңтарда сақталуы тиіс. Мұнай өнімдерінің пайдалану желтоқсан мен қаңтарда жыл сайын төмендейді. Ары қарай барлығы әлемдік мұнай бағасына байланысты болады", - деді ол.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
