Ағымдағы жылы жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 400 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
«Бағдарламаға қатысқан 500 мыңнан астам адамның 50% - ауыл тұрғындары. Жалпы, 11 айда шамамен 413 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды, олардың 279 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды», - деді Т. Дүйсенова сәрсенбідегі үкімет отырысында.
Бұдан басқа, оның мәліметі бойынша бағдарлама аясында 90 мың адамды жаппай оқыту ұйымдастырылды.
«Қысқамерзімді оқытуға 402 аймақтық колледж, жұмыс берушілердің 77 оқыту орталығы, 5 мобильді орталық жұмылдырылды. Бүгінде қысқамерзімді оқуды 43,5 мың адам тәмәмданы, оның 49% жұмысқа орталастырылды»,
- деп толықтырды Т.Дүйсенова.
