Нұржан Нұрланов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен Н. Нұрланов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды, делінген жұмада таратылған хабарламада.
Н.Нұрланов 2011 жылдан бастап «Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінде» басқарушы лауазымдарда жұмыс істегенін атап өтіледі. Соңғы тағайындалғанға дейін «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма мүшесі, Техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары болды.
