Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында «Қазақтың онкология және радиология» ғылыми-зерттеу институтының директоры Д.Кайдарованың «Дара ИНФО» ЖШС-нің «Қоғамдық позиция» газетінің меншік иесі, басылымның бас редакторы м.а. Бақытгүл Макимбай, журналист Сырым Датов және онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Шнаргүл Талаеваға қарсы талап арызы бойынша тыңдау басталды, деп хабарлады «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры.
Талапкердің пікірінше, айыпталушылар «Дәрігерді ісікпен қудалауы» («Қоғамдық позиция», 2017 жылғы 26 қазан) жарияланымда «абройсыз, қорлайтын және ар-ожданына нұсан келтірерлік түрде» шындыққа жанаспайтын оның «білікті дәрігер және академик және көшбасшы» ретіндегі атының «әлеуметтік маңызын» төмендетуге бағытталған, ақпарат таратты.
«Қатерлі ісікпен қудалау» (...) деген фраза тек қана заңдылықтың ғана емес, сонымен қатар, маған сеніп тапсырылған директорлық функцияларын орындауда этикалық нормаларды да бұзды дегенді аңғартады». Талапкердің пікірі бойынша, мақаланың авторы мен редакция оны Институттың қызметкері Шнаргүл Талаеваның қудалау түріндегі жемқорлық қылмысын жасағаны үшін айыптады.
Талапкер соттан айыпталушыларды дау-дамай туралы ақпаратты теріске шығарған мақала жариялауды, ашық түрде кешірім сұрауды және 10 млн. теңге көлеміндегі моральдық шығындарды төлеуді міндеттеуды сұрайды. Оған кепілдік беру үшін «жауапкерге тиесілі» мүлікке қамау салу туралы өтініш берді. Сот осы өтінімді беруден бас тартты.
