Синоптиктер 1-4 желтоқсан күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, қыс келгенімен, қысқы ауа райы кешігіп жатыр. Қазақстанның басым бөлігінде демалыс және мереке күндері аздаған қар жауады, бірақ ауа температурасы климаттық мөлшерден 3...5 градус жоғары болып қала бермек.
Республиканың оңтүстігінде циклонның әсерінен жауын-шашын түсіп, ауа температурасы 1...2 градус төмен болады. Түнгі және таңертеңгі уақытта республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ күтілуде.
