Танымал әнші Димаш Құдайберген шырқаған «The crown» деген жаңа əн Қытайдың «QQ music» платформасында алдыңғы қатарға шықты. Бұл туралы әнші Инстаграмда жазды, деп хабарлайды Қазақпарат.
«QQ music» платформасында Ұлықпан (Жолдасов - авт.) ағам жазып берген «The crown» деген жаңа əнімді жүктеген бойы, жарты сағаттың ішінде ең көп сатып алынған əндердің көшін бастап отырғанына таңданып отырмыз», - деп жазды әнші.
Танымал әнші жанкүйер тыңдармандарына алғыс айтты. «Сіздердің осынау қолдауларыңызбен жыл əні атанып кетсе, таңқалмайтын да шығармын», - деп жазды Димаш Құдайберген.
Ол ән авторына да жылы лебізін білдіріп «Ұлықпан аға жасай беріңіз!» деп атап өтті.
