Қаз   Рус

Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 106 жыл толды

17 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 12 Янв 2018, 14:30

Бүгін Мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Ұзақ жыл Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарған Д.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматыда дүниеге келген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Дінмұхамед Ахметұлы 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде еңбек жолын бастады. Болашақта үлкен саяси қайраткерге айналған ол дипломын Қоңырат карьерінде жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмысшысынан бастап цех бастығы, бас инженері, директоры қызметіне дейін көтеріледі. Қоңырат кенішіндегі еңбегі үшін Д.Қонаев 1938 жылдың шілде айында «Ерекше еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Оқу аяқтағанына көп болмаса да кеніште жүріп, өзін көпшілікті ұйымдастыра білетін іскер басшы ретінде көрсете білген Қонаевты партия 1939 жылы Риддер кен басқармасының директорлығына ұсынады. Ол тұста Риддер полиметалл комбинатының жұмысы, әсіресе шикізат кеніштері ақсап тұрған еді. Жас та болса, жарқын істерімен көпті мойындатқан Дінмұхамед Қонаев қазіргі Шығыс Қазақстанның экономикасын жедел көтеруге көп еңбек сіңіреді. Орталық комитет Қонаевқа зор сенім білдіріп, ауыр міндет жүктеген еді. Тұралап қалған аса ірі кәсіпорынның жұмысын жолға қою оңай болмасын білсе де, Қонаев тәуекелге бел байлайды. «Қашан да бірінші болу құрметті, бірақ тыңнан соқпақ салу, мешеу елде ірі кәсіпорынды жолға қою маған оңайға түскен жоқ» деп жазады өзінің естелік кітабында. Бір айта кетерлігі, Шығыс Қазақстан халқы Дінмұхамед Қонаевтың Риддерде сіңірген еңбегін ұмыт қалдырған жоқ. Қазіргі уақытта 60 мыңға жуық халқы бар Риддер шаһарындағы 20 шақты білім ордасының ішіндегі жалғыз қазақ мектебі - Дінмұхамед Қонаев атындағы №3 орта мектеп екенін атап өту керек. 1942-1952 жылдары Қонаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет еткен уақытта Қазақстан ғалымдарының зор сеніміне ие болып, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның басшысы болып сайланады. Білікті маман онда ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шараларын іске асырады. Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған кезеңде Дінмұхамед Қонаев Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшелігіне үміткер, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды. Дінмұхамед Қонаев қазаққа қарайласқан әрі қарапайымдылығы көпті таңдандырған саясаткер бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. 1986 жылы Қазақстанды картадан ғана білетін Колбин Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына келгеннен кейін Қонаев орнынан босатылады. Адалдығымен ел есінде қалған Дінмұхамед Қонаев 1993 жылы тамыз айында 82-ге қараған шағында өмірден өтті.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!