Семей қаласынан келген ағайындылар - ақын Ержан Жұмабек пен полиглот Қуаныш Жұмабек «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Айта кетсек, бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа есім» жобасында іріктелген 102 жеңімпазбен кездеседі. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр.
