Екібастұз қаласы ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізу кезінде Ақмола облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тінту кезінде ер адамнан екі сөмкенің ішінен жасырылған сары-жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік тәрізді затпен төрт полиэтилен пакетін анықтап тәркіледі. - Сарапшының қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 14 келі 746 грамм кептірілген марихуана болып табылады. Полицейлер 13 мыңнан астам дозаны қара нарыққа шығару арнасын жапты, оның жалпы құны 27 миллион теңгені құрайды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда, - деді баспасөз қызметінде. 2017 жылдың 11 айы ішінде тәртіп сақшылары есірткі затының заңсыз айналымы саласында 548 құқық бұзушылық анықтады. Оның ішінде 109-ы - қылмыс. Шамамен 900 келідей түрлі есірткі заттары алынды.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
