Халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізу барысында Елордаға 5,4 млн турист келген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Қалада қонақжайлылық индустриясының негізгі объектілері жасалды. Астанада 201 отель жұмыс істейді, соның ішінде – St. Regis, Ritz Carlton, Hilton, Rixos, Radisson, Sheraton сияқты әлемдік брендтер бар, 760 кафе және мейрамхана жұмыс істеуде. Көрме кезінде 700 таяу мәдени-спорттық тағы да басқа шаралар өткізілді.
ЭКСПО тек экономиканың барлық саласының драйвері ғана болмады, сонымен қатар, еліміздің имидждік жобасы болды.
