"Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде" фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаушы актер Мұрат Ахманов түсірілімнің 50 күнінде 50-ге жуық грим жасатқан. Бұл Назарбаев туралы киноэпопеяның алтыншы бөлімі, деп жазады Spusputniknews.kz
Британиялық гример Марк Кульер кәсіби грим жасаудың қиын екенін мойындап, актердің бет-әлпетін мұқият зерттеуге байланысты екенін атап өтті.
"Гримді әзірлеуге 6-8 аптадай кетеді. Арнайы пішін дайындалған соң, оған силикон құйып, тері бөліктерімен қаптайды. Түсірілім өткен 50 күнде басты кейіпкер 50-ге жуық құлақ-мұрынды киіп көрді", — дейді Кульер Қазақстанның Тұңғыш президенті кітапханасының сайтында жарияланған сұхбатта.
Картина режиссері Ақан Сатаевтың сөзіне сүйенсек, Елбасы туралы киноэпопеяның алтыншы бөлімі жартылай түсіріліп болды. Қазір Назарбаев атындағы кітапхана музейінде түсірілім жүріп жатыр.
