1,5 ай жұмыс істеген электронды биржа арқылы 15 мың қазақстандық жұмысқа тұрған, деп мәлім етті халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова.
«1,5 ай бұрын біз электронды еңбек биржасын іске қостық, ол бір цифрлық алаңда жұмыс берушілердің де, жұмыс іздеушілердің де, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің де қызығушылықтарын біріктірді. Бір жарым ай ішінде 15 мың азамат өз құзырына қарай, еңбек өтіліне қарай жұмысқа тұрды», - деді С.Жакупова дүйсенбіде үкіметте өткен «Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысы туралы» баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, «бүгінде электронды еңбек биржасы барлық мамандық бойынша ақпаратты біріктіреді және ұсынады».
«Бұл жедел арада жұмысқа тұру мәселесін шешетін 8 мың түйіндеме мен 30 мыңдай бос жұмыс орны», - деді спикер.
Вице-министрдің айтуынша, тағы бір жаңалық - жұмысынан айырылуға байланысты төлем тағайындалатын болады.
«Егер кімде-кім мысалы, жұмысынан айрылса, ол жұмыспен қамту орталығныа барады, жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Бұл жерде автоматты түрде ақпараттық жүйелер интеграциясы есебінен мемлекеттік корпорацияға бұл адамға жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы тағайындау қажеттігі туралы өтініш жолданады. Яғни ол әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы жеке арызымен ешқайда бармайды», - деп түсіндірді С. Жакупова.
