«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының қызметкері 56 млн теңгеден астам сомаға бағалы металлдарды заңсыз өткізгені үшін сотталды. Бұл жайындағы ақпарат сот шешімдері тізілімі сайтында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тергеу барысында халықаралық әуежайдың тексеру қызметінің қызметкері Нариман Шапдыкеевтің қызмет өкілеттігін пайдаланып, кеден бақылау аймағы арқылы салмағы 4882 грамм болатын 5 алтын құймасын заңсыз өткізіп, еліміздің аумағынан тысқары ұшып бара жатқан тұлғаға берген. Қылмыс 2017 жылдың 23 тамызында жасалып, ол құқық қорғау органы қызметкерлерінің қолына түскен.
«Астана қаласы Есіл аудандық №2 соты Нариман Шапдыкеевті ҚР ҚК 234 бабы 2 бөлімі 2, 4, 5 тармақтары бойынша қылмыс жасады деп таныды. Сот шешімімен оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», - делінген сот үкімінде.
