Бүгінде egov.kz порталы арқылы онлай режимде уақытша тіркеуге тұруға болады. Алайда тіркеуден шығу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ағымдағы жылдың басында біз «электрондық үкімет» порталы арқылы уақытша тіркеу қызметін енгізген болатынбыз. Енді, келесі жылдың басында, шамамен, бірінші тоқсанда тіркеуден онлайн режимде шығу қызметі іске қосылады деген жоспар бар», - дейді ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі төрағасының орынбасары Галина Сәрсенова. Айта кетейік, 1 қарашадан бастап тұрақты және уақытша тіркеу үшін жылжымайтын мүлік иесі туралы анықтаманы да алып тастады. Сөйтіп 25 күннің ішінде республика бойынша 138 мың адам тіркеуге тұрды. Алдағы уақытта «электрондық үй кітапшасын» енгізу жоспарланып отыр. Ол арқылы баспана иесі тіркеуге тұрғандарды көре алады.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
