Қаз   Рус

Ерлан Біләл ісі Алматы аудандық сотына түсті

19 қаралды
0
kaztag.kz
Среда, 17 Янв 2018, 17:30

Пара алған деген күдікке ілінген М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләловтың ісі Алматы аудандық сотына түсті, деп хабарлады қалалық сот сайтынан.

«Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына ҚР ҚК 24 б.3б., 366б.2б. қарастырылған қылмысты жасаған деген күдікпен Е.Біләловке қатысты қылмыстық іс түсті», - делінген сәрсенбіде жарияланған хабарда.

Еске салсақ, Е. Біләлов «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМКК директоры бола тұра мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы жемқорлық күресті жасаған деген күдікке ілінген.

Бұған дейін, 5 қаңтарда Алматыда театрдың базасында жаңа жылдық кезеңде балалар спектакльдерін қойғаны үшін заңды тұлғадан 1 миллион 500 мың теңге пара алған М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры ұсталды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин. Айыбын толық мойындауына байланысты театр директоры тұтқындалмады. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде.

"2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Медеу ауданы № 2 аудандық сотының тергеу судьясы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Е.Біләловқа қарсы кепілдік түрінде оқшаулау шарасын қолданды», - деп хабарлады сот.

Сондай-ақ, сот алдындағы тергеу органы Е. Билалов 2018 жылдың 23 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 7 қаңтарына дейінгі кезеңде театрландырылған қойылымды бірлесіп атқару туралы келісімге қол қою үшін «Сезам» қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының жетекшісінен 900 мың теңге сомасында пара алған деп күдіктенгені айтылады.

Кепілдік түріндегі бұлтартпау шарасы Алматы қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро бөлімінің тергеу тобының жетекшісінің өтініші бойынша қабылданды.

2015 жылдың 27 сәуірінен бастап М.Әуезов ат. Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры - Ерлан Біләлов. Ол ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР жастар одағының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері. Ол театр мен кинода көптеген рөлдерді ойнады.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!