Ақтөбеде есірткіге еліткен автобус жүргізушісі ұсталды. Ол еш кедергісіз қала ішіндегі қоғамдық көлікті айдап жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өтті. Бір апта ішінде 200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Ақтөбе қаласы аумағында қоғамдық көлік тасымалымен шұғылданатын «Автопарк» ЖШС жүргізушісі ұсталды. Ол есірткі пайдаланған күйінде рөлге отырған.
Сонымен қатар, «Самара-Шымкент» тасжолында автобус жүргізушісі қолға түсті. Жүргізушіде куәлік болмай шықты. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды ,- деді Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Айдос Құлжанов.
