Велосипедпен әлемге саяхаттап жүрген француз Роман Пишар Қарағандыға келді, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған ҚазТАГ. Жол жүруге оның 14 айы кеткен. Осы уақыт аралығында ол 23 елде болған. Негізінен саяхатшының Қазақстанға сапарлау туралы жоспары болмаған. Ол Шудан Қарағандыға дейін келіп, бірақ өзінің қазақ жерінде жүргенін білмеген.
Роман өз саяхатын өткен жылдың қыркүйек айында бастаған екен. Оның сөзінше, велосипедпен екі жүзден астам елді шарлап өту – ол өзіне деген сын.
Саяхаты барысындағы Пишар 14 айда Италия, Швейцария, Түркия, Иран, Грузия, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және басқа елдерде болған. Роман атап өткендей, жолда шағын апаттан басқа ешқандай оқыс оқиға болмаған. Оған достары Иранға бармауды сұраған. Алайда жолай Иранға соққан саяхатшы бұл ел халқына деген ризашылығын жасырмайды.
Романның сөзінше, осы саяхаттан соң оның әлемге деген көзқарасы өзгерген, тіпті еліне оралған соң өзінің өмір стилін өзгертуі де мүмкін.
Бірнеше күннен соң Роман Астанаға аттанады, ол жақтан Францияға ұшады. Алдағы жылдары алыс жолға шығу оның жоспарында жоқ. Алайда саяхатын қайталауды шешсе, онда Аляскаға бармақ, ол жақтан велосипедпен Мексикаға барады.
