Қаз   Рус

ІІМ: Ерімбетовті тергеу изоляторында ешкім ұрып-соққан жоқ

16 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 02 Фев 2018, 12:00

Ерімбетовті тергеу изоляторында ұрып-соқты деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттардан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы 10 ақпанында тергеу қамауындағы Е.Ерімбетовтің анасы Алматы қаласында өткен баспасөз конференциясында ұлын тергеу изоляторында ұрып-соғып, азаптап жатыр деп шағымданған. Осыған байланысты бірқатар құқық қорғаушылар И.Ерімбетовпен бетпе-бет кездесу ұйымдастырды.

Осылайша, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі С.Оспанов пен Алматы қаласындағы Ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісі И.Мирошниченко аталған фактілерді тексеріп, анықтау үшін және қажетті көмектер көрсету үшін тергеу изоляторына барды.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 31 қаңтарда осы мекемеге Алматы қаласы Қоғамдық байқау комиссиясының төрағасы А.Жанәбілова келді. Ал осы жылдың бірінші ақпанында сотталған Е.Ерімбетовпен тілдесу үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Жеміс Тұрмағамбетова мен Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис барып қайтты. Ж.Тұрмағамбетова мен Е.Жовтис тергеу қамауындағы И.Ерімбетовтің жағдайын тексеріп, онымен СИЗО қыметкерлерінің қатысуынсыз жасырын сипаттағы әңгімелесу өткізді.

Құқық қорғаушылардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне бару нәтижесі бойынша И.Ерімбетовтің тарапынан қандай да бір шағымдар болған жоқ. Мекеменің коммуналды-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында құқық қорғаушылар тергеу изоляторының әкімшілігіне бірқатар ұсынымдар берді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ведомствоаралық жедел тергеу тобы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері банкир Мұхтар Әбілязовтың сыбайластары болуы мүмкін деп күдік келтіріліп отырған 4 адамды ұстағандығын хабарлаған болатынбыз.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!