Испан сәулетшісі Сантьяго Калатрава Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Хабар 24. Қазақстан Президенті кездесу барысыда Астана бірегей сәулетімен және өмір сүру үшін жасалған қолайлылығымен ғана емес, сондай-ақ қайталанбас атмосферасымен ерекшеленетінін атап өтті. «Елордада тұрғысы келетін азаматтардың саны артып келеді. Қала халқының саны бір миллионға жақындады. Келер жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кездесуде. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі испан сәулетшінің еңбектерімен танысқанын айтты. «Президент мырза, алдымен осында келгенімізге қуанышты екенімізді айтқым келеді. Астана қаласының тез дамып, өсіп жатқанына таңырқай қарағанымыз рас. Бүгін сіздермен өзіміздің бай, 36 жылдай қалыптасқан тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. Мәселен, біздің компания бүгінде әлемнің 20 мемлекетінде жұмыс істейді. Соның ішінде бірнеше алып инфрақұрылымнан тұратын жобаларымыз бар. Мысалы, Афиныдағы олимпиадалық нысандарды, Лиссабондағы EXPO көрмесінің кешендерін айта кетер едім»,- деді испан сәулетшісі Елбасымен кездесуінде. Айта кетейік, әйгілі испан сәулетшісі және мүсінші Сантьяго Калатрава әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысанның авторы ретінде танымал.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
