Қаз   Рус

Үкіметтік емес ұйымдар келесі жылы 900 млн теңге грант алады

79 қаралды
0
kaztag.kz
Пятница, 10 Ноя 2017, 12:50

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) 2018 жылы  900 млн теңгеге 79 грант бөлмек  деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының конференц-залында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының грант алушылары жобаның жүзеге асуы мен нәтижесі туралы есеп берді. Кездесуде байқауға қатысқан өзге де ҮЕҰ өкілдері грант иегерлеріне тікелей сұрақтарын қойып, грант аясында не істеп, қандай нәтижеге қол жеткізгендерін сұрай алды.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан ӨТЕШЕВ  кездесудің осындай формасы ҮЕҰ-ға ұсынып отырған қызметінің стандарттарын жетілдіріп, қоғамға гранттардың қалай жүзеге асып жатқандығы туралы хабардар болуға мүмкіндік беретіндігін айтты. Орталық мұндай кездесулерді жылына кемінде екі рет ұйымдастырып отыруды жоспарлап отыр.

Қазақстанда мемлекеттік қолдаудың бір түрі - гранттық механизмге деген қызығушылықтың жыл санап артып келе жатқанын мына көрсеткіштен-ақ байқауға болады. 2016 жылы жұмысын бастаған Орталыққа алғашқы жылы 88 өтініш түссе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 512-ге жетті, оның ішінде 245 өтініш еліміздің өңірлерінен түскен.

Үкімет келер жылы да ҮЕҰ-ды гранттық қаржыландыру аясында қолдауда жоспарлап отыр. 2018 жылы  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға 900 млн. теңгеге 79 грант бөлмек. Бұл туралы Азаматтық қоғам істері комитетінің Төрайымы Әлия ГАЛИМОВА  айтты.

Оның айтуынша, 2017 жылы гранттық қаржыландырудың ашық өтуіне қатысты іс-шаралар қолға алынған, ал келесі жылы сарапшылардың реестр қызметі іске қосылатын болады.

Биыл аралық есеп бойынша, гранттық жобалар аясында 19 кешенді зерттеу, 8 әлеуметтік қызмет, 5 веб-ресурс ашылып, 4 сенім телефоны халыққа қызмет көрсетуде. 131934 адам қамтылған 392-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, 39 ұлттық және 7 халықаралық сарапшы тартылды. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!