Корея Республикасының ұлттық хоры қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Айттым сәлем Қаламқас» әнін қазақ тілінде орындап, елордалық көрермендерді тәнті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дирижер Ку Чонның жетекшілігімен әртістер мұнан бөлек қазақтың халық әндері «Бір бала» мен «Наз қоңырды» нақышына келтіре орындады. Олар бұл өнерлерін Оңтүстік Корея мен Қазақстанның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған арнайы концертте көрсетті. Корея Республикасының ұлттық хоры конерт барысында кәрістердің ұлттық әндерімен қатар «Трубадор» мен «Травиата» операларынан клаиссикалық композицияларды да орындап, елордалық көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
