Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының базасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атауымен 33 мыңға жуық материал бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
ҚР Ұлттық кітапханасында «Елбасы» тақырыбымен жұмыс істеп тұрған тұрақты көрме бар. Кітапхана қызметкерлері көрмеде 3000 астам кітап тұрғанын айтты.
«Тұрақты көрме жаңа түскен басылым материалдарымен толықтырылып отырады. Қазіргі уақытта көрмеде 3000-нан астам кітап тұр. Ал жалпы кітапхана базасында Елбасы туралы 32 483 материал бар. Оның ішінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кітаптары, Президент туралы жазылған кітап, мақалалар мен ғылыми диссертациялар, авторефераттарды айтуға болады», - деді кітапхананың Мәдени және көрмелер қызметінің жетекшісі Жанар Алпысбайқызы.
