Қаз   Рус

Назарбаев Трамптың қалай қарсы алғанын айтып берді

12 қаралды
0
Tengrinews.kz
Пятница, 19 Янв 2018, 18:30

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Дональд Трамппен өткен кездесу жайлы толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлығы да, біз де өзіміз кездескен кезде бір-бірімізге құрмет көрсетеміз. Мені Ақ үйге шақырғандары үшін алғыс білдірдім. Ол маған келгенім үшін алғыс айтты. Ақ үйдің ішіне кірген соң ол мені барлық делегациямен таныстырды. Содан біз жеке әңгімелесу үшін бір кабинетке кірдік. Бірақ мен мұндайды ешқашан көрмеппін. Қасымызда әрдайым адамдар болды. Бірақ кейін екеуіміз отырып әңгімелестік. Кейінірек демалатын бөлмеге бардық. Тағы да әңгімелестік. Сосын қоштасып, бір-бірімізге сәттілік пен денсаулық тіледік", - деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастың нашарлағанын айтып өтті. "Бүгінде АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы нашар. Бұдан ешкімге де жақсы болмайды. Ресей біздің көрші, серіктес, одақтас. Ресеймен сауда жөнінде үлкен келісімшарттар жасалды. Дональд Трамппен осы жайлы да сөйлестік", - деді Назарбаев. Осы ретте Мемлекет басшысы АҚШ президентімен де Ресей Федерациясына қатысты санкциялар мәселелесін талқылағанын айтты.

"Біз осы жайлы сөйлестік. (...) Меніңше, бұл мәселе әлі шешіледі(...)", - деп сенім білдірді Қазақстан Президенті. Осыған дейін Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында мәлімдеме жасағаны хабарланған болатын. "Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент Дуданы Польшаның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтаймын. (...) Жаһандық ұйымның осы маңызды органы аясында ынтымақтастық пен ықпалдастық танытып, бірлесе жемісті жұмыс істейміз деп үміттенемін", - деген еді Қазақстан Президенті.
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!