Қаз   Рус

Назарбаевтың күрес бойынша бапкері Қарағандыға келді

9 қаралды
0
kaztag.kz
Среда, 06 Дек 2017, 18:00

Украинадан келген қонақтар Қарағанды облысында атап өтілген Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті Күні мерекесіне қатысты, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Салтанатты шараларға Каменское (бұрыңғы Днепродзержинск) қаласының мэрі Андрей Белоусов және Нұрсұлтан Назарбаевтың грек-рим күресі бойынша бірінші бапкері Лев Ежевский келді.

Украиналық Днерпродзержинск қаласы қазақстандықтарға 50-ші жылдардың соңында онда болашақ Елбасы оқығанымен таныс. №8 кәсіби-техникалық училищеде Нұрсұлтан Назарбаев металлург кәсібін меңгерген.

- Сол жылдардың өзінде Нұрсұлтан Әбішұлы өз қатарластарынан ерекшеленетін. Ол оқушылар арасында көшбасшы болды, училищенің басшылығымен кей мәселелерді шеше алатын. Кысқаша айтқанда ол үлкен беделге ие болатын, - дейді өзінің атақты шәкірті туралы Украина және Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Лев Ижевский Қарағандыда өткен «Біздің көшбасшы – біздің күшіміз» форумында сөз сөйлегенде. – Ол күреспен айналысуға келгенде 18 жаста болатын. Өте тиянақты, ұқыпты, ақылды болды. Дене шымырлығымен ерекшеленетін. Маған тек табиғат балуан қылып жаратқан оқушымды сәл шынықтыру ғана қалған.

Егер шәкірті күрес жолына бет алса, олипиадалық чемпион болар еді дейді, ұстаз.

Салтанатты шара медиа-жоба форматында өтті. Оған жүздеген жастар, сондай-ақ Президенттің жақтастары қатысты. Тоғыз студенттік командалар Елбасының өмірбаянын білу деңгейі бойынша зияткерлік викторинада жарысты.

Украинадан келген құрметті қонақтарды Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров қарсы алды. Кездесуге жергілікті күресші-спортшылар және бапкерлер, спорттық мекемелердің жетекшілері жиналды. Нұрлан Әубәкіров аймағымыздағы грек-рим күресінің қазіргі жағдайы мен алдағы әлеуеті жайлы айтып берді. Қонақтар да өз кезегінде спортты әйгілеуге бағытталған бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Андрей Белоусов пен Лев Ежевский Теміртауда да болып қайтты. 2000-шы жылы Теміртау мен Днепродзержинск достық-қалалар болған. Қазіргі кездесуде қала басшылары серіктестік туралы қосымша келісімшартқа қол қойды.

Қонақтар Тұңғыш Президент Тарихи-мәдени орталығының экспозицияларын қарап шыққан соң, мерекелік концертті тамашалады.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!