«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысатын Астананың проблемалы нысандар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысында Астанадағы проблемалы нысандардың тізімі қаралды және «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысатын нысандар бойынша шешім қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін ВАК-ның алдын ала қарастырған проблемалы нысандар тізімі
Тізімге 39 нысан кіреді. Бұл келесідей тұрғын үй кешендері: «Айсанам де люкс», «Садовые кварталы», «Comfort De Luxe», «Жеті Жол», «Комсомольский», «Династия», «Магистральный» (3 очередь), «Рух» (ол «Жас Отау» ТК), «Аниса -2», «Аниса-3», «Столичный-2», «Көктал» (бірінші және екінші кезектері), «Абат», Абайдың 150 жылдығы көшесі мен Дәулеткерей көшелерінің қылысындағы ЖТК, «Пана» (ол «Молодая семья» ТК), «Зере-1», «Хазрет», «Самал», «Территория комфорта-1», Көктай кентінің шығысындағы тұрғын үй кешені(лот 1, 2, 3), Көктайл тұрғын массиві ЖТК, Future Home Astana, «Арыстан», «Жастар-4», «Акжол», «Араби 2», Туран даңғылының шығысындағы ТК, «Есіл ЭК», «Шарджа», «Токио», «Тенгиз, «Туран», «Ак Жар», «Прага», «Тамаша уй», «Жагалау-3», «Жагалау-4», «Шығыс», «Оберег», «Алтын Булак», «Акерке-2», «Мунар-2» және «Кургальджинский квартал» кешендері.
