Қазақстанның қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың президенті Олжас Сүлейменов Жапон үкіметінің «Күншығыс, Алтын шуақ орденімен» марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған орден Астанадағы Жапон императоры Ахикитоның туған күні құрметіне ұйымдастырылған Жапония елшілігінің салтанатты қабылдауы аясында табыс етілді.
Жапонияның Қазақстандағы елшісі Итиро Кабавата қонақтарды Жапония мен Қазақстан арасында орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығымен құттықтады және екі елдің бейбітшілік пен ядролық қарусыздану жолында бірлесе қызмет етіп келе жатқандарын атап өтті.
Олжас Сүлейменов - Жапонияның марапатын алған үшінші қазақстандық.
