Қаз   Рус

Онтүстік Қазақстанда дәрі қымбаттамайды

11 қаралды
0
kaztag.kz
Четверг, 18 Янв 2018, 14:00

2018 жылдың соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында халық арасында дәрілік заттардың ең жиі қолданылатын 150 түрі өзгермейді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Хабарда атап көрсетілгендей, Оңтүстік Қазақстан облысында халық ең көп қолданатын 150 дәрі жыл соңына дейін қымбаттамайтын болды. Бұл облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Даму» фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы арасында қол қойылған меморандум нәтижесінде жүзеге асады. Ынтымақтастық келісімі - қарапайым халық арасында кеңінен қолданысқа ие 150 түрлі дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылды.

Облыс әкімдікте өткен меморандумға қол қою шарасына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен дәріхана ұйымдары тарапынан 40 фармацевтикалық ұйым басшысы қатысты. Енді отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін көтермейтін болып келісті. Бұл халық басы ауырып балтыры сыздағанда жиі ішетін, ауырсынуды дене қызуын басатын медициналық препараттар болып табылады.

Меморандум мақсаты - облыс халқын қолайлы бағада сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету, әрі өзара ынтымақтастық орнату.

Меморандумға 150 түрлі дәрі-дәрмек енгізіліп отыр. Қол қойылған Меморандумның нәтижесі аясында 2017 жылға қарастырылған дəрі - дәрмектердің 150 атауының ішіндегі 13 түрінің бағасы едәуір төмендетіледі. Бұл дәрілердің әлеуметтік маңызы зор. Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдап, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына Оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ортақ мақсаттағы келісімге сәйкес жүрек-қан тамырлары ауруына, қабынуға қарсы, анальгетиктер, антигистаминдер, асқазан мен гипотензивті препараттар, көз және құлақ тамшылары мен дәрумендердің бағасын бір деңгейде ұстап тұруды мекеме өкілдеріне өз жауапкершіліктеріне алып отыр.

Фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басшысы Л. Қашқымбаева ірі тасымалдаушы фирмалармен келісім-шарттар жасалып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ дәріханалар желілерінің әлеуметтік жауапкершілігі турасында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Кездесуге қатысушылар тиісті меморандумға қол қою халық арасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қадам деп отыр.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!