Оңтүстік Қазақстан облысында облыс әкімнің орынбасары болып Әліпбек Өсербаев тағайындалды, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды», - делінген сәрсенбіде ведомствоның сайтында жариялаған хабарламада.
Атап өтер болсақ, аймақ басшысы жаңа орынбасарына өз саласындағы өзекті мәселелерге сараптама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша нақты іс-шара жоспарын жасауды тапсырды.
Бұған дейін осы қызметті атқарған Дархан Сатыбалды шетелге оқуға кетуіне байланысты өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды. Өңірде қызмет атқарған жылдары ішіндегі жемісті жұмысы үшін Д.Сатыбалдыға облыс әкімі Ж.Түймебаев алғысын білдіріп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Аталып өткендей, 56-жасар Ә. Өсербаев түрлі жылдары Кентау қаласы әкімінің орынбасары, ОҚО-ның кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі болып қызмет етіп келді.
