Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ Ордабасы тауында ескерткіш орнатуға және жақсарту жұмыстарын жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме берген ҚазТАГ.
Хабарда айтылғандай, Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытын жүзеге асыру аясында 100-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аталған жобалардың аясында Ордабасы тауында да ескерткіш орнатып, туристер келіп тамашалайтындай абаттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Осыған байланысты өңір басшысы Ордабасыға арнайы барып, тиісті сала жетекшілерімен жаңа жобаның нобайын талқылады. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, өз ойын ортаға салды.
«Ордабасы тауы – халық келіп рухани тынығатын, рух жинайтын, ойын тазартатын орын болуы керек. Салуға тиісті ескерткіш те еңселі болуы қажет. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы амфитеатр болуға тиіс. Келуші туристерге де жағдай жасап, арнайы естелік сыйлықтар сататын дүкендер ашу керек. Бұл ұлтымыздың ерекшелеу болмысын қайта түлету үшін қасиетті Ордабасы тауын осындай руx алатын орынға айналдырғанымыз абзал болар еді," - деді Жансейіт Қансейітұлы.
