Оңтүстік Қазақстан облысындағы өрттен үш бала қаза тапты, деп хабарлады өңірдегі ТЖД баспасөз қызметінен.
«ОҚО-дағы өрттен үш бала қаза тапты: 2005, 2006 және 2011 ж.т. Қайғылы жағдай 30 қараша күні Созақ ауданы Шолаққорған ауылында түнде орын алған. Өрт жеке тұрғын үйде шыққан. Өрт туралы белгі сағат 02.53-те келіп түскен, ол 03.39-да ауыздықталып, 03.48-де жойылған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей. Өрт алаңы 250 ш.м. құраған. Өрттен зардап шеккен балалар оқиға орнында көз жұмған, ал 1982 ж.т. ер адам ауруханаға түскен.
Өртті сөндіруге 11 адам мен 3 дана арнайы техника жұмылдырылған.
