Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырып, Астана вокзалында жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстаған, деп хабарлады елордалық көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
«2017 жылдың 29 тамызында көліктегі ІІД ҰҚКБ қызметкерлері ҚР ҚК 2 б.309 б.2б.1 т. көрсетілген (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау) қылмыстық іс бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 43 жасар азаматын ұстады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Тексеру барысында белгілі болғандай, ұсталған адам 1977 және 1984 жылғы 2 әйелден және 30 жасар ер адамнан тұратын қылмыстық топ құрып, оны басқарған ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстаған, сондай-ақ 2010 жылдан бастап 2017 жылдың тамызына дейін Астана қаласының темір жол вокзалы маңында жеңгетайлықпен айналысқан.
«2017 жылдың 29 желтоқсанында Астана қ. Сарыарқа аудандық №2 соты ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушыны 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы, ал оның сыбайластарын 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», - деді көліктегі ІІД-нен.
