«Ордабасы» футбол клубы өзінің спортшыларына 500 млн теңге қарыз болған, деп хабарлады TVK телеарнасына сілтеме берген ҚазТАГ.
Аталып өткендей, облыс әкімдігінде қоғамдық кеңестің отырысы өтті, онда қаланың «Ордабасы» футбол клубымен байланысты проблемаларды талқылау басты мәселелердің бірі болды. Спортшылар жалақының уақытылы берілмеуіне шағымданған. Бүгін де клубтың жалпы қарызы 500 млн теңгені құрап отыр. Енді оны республикалық бюджеттен жабуға уәде етілуде.
«Енді «Ордабасының да» өзінің міндеттері бар. Мысалы, олар әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың мүшелеріне билет сатып алуға жеңілдіктер беру керек. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға міндетті», - делінген бейсенбідегі хабарламада.
7 қарашада «Ордабасы» ФК 5,5 млрд теңгеге қайта сатылған болатын. Футбол клубы үшін бастапқы баға 248 983 000 теңгені құрады.
Осы ретте, «Ордабасының» футбошылары «Оқжетпес» командасымен ойынның алдында жаттығуға шықпады, себебі олар төрт ай қатарынан жалақы алмаған. «Ордабасы» ФК президенті Бахтияр Байсеитов өзінің қарамағындағы адамдармен жиналыс өткізді. Алайда, басшылықпен кездесуден кейінде футболистер өзара келісімге келе алмағанын мәлімдеген.
