КСК шағынауданында, Қобыланды батыр көшесіндегі үйлердің бірінен тұншықтырып өлтірген әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Өлтірілген әйел туралы тәртіп сақшыларына дәрігерлер хабар берген. Оқиға орнына жедел-із кесу тобы жіберілді.
«Пәтерден 50 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, қала тұрғынын буындырып өлтірген. Тергеу ісі Қостанай прокуратурасының бақылауына алынды», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Осы іс бойынша 45 жастағы күдікті қамалды. Соған байланысты ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігімен тергеу шаралары басталды.
