Павлодар қаласындағы аулалардың бірінде орналасқан қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Гагарин көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің ауласынан ер адам жылаған баланың дауысын естіген. Ол қоқыс жәшігінің жанында одеялға оралған баланы көрңп, бірден полицияға хабар берген.
Бұл оқиғаны өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев растады.
«Қоқыстан табылған сәби айы-күні жетіліп туған ұл бала, шамамен екі апталық. Салмағы - үш жарым келі. Сараптама нәтижесі суық тигенін анықтады. Оның қанша уақыт далада жатқаны белгісіз. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, - деді Ораз Мұқашев.
Оқиға тергеліп жатыр.
