Қарағандыдағы Приозерск әскери колледжінің кадетін өлтірген курсант Қарағанды қаласында сотталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Береке Байзақты айыпты деп танып, ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындасын. Оны жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтіндей тағайындалсын», - делінген Қарағанды гарнизонының әскери сотының үкімінде.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға қыркүйекте Приозерск әскери колледжінде болған. 19 жастағы 1-курс студенттері арасында қақтығыс болды. Осыдан кейін студенттің біреуі студентке дене жарақатын тигізді, соның салдарынан жәбірленуші ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Күдікті бойынша оның әріптесі ұсталды. Екі кадет те - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.
