Өскемендік зейнеткер жылдар бойы жиналған қоқыстың түтінінен ыс тиіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне қарағанда, өрт Протазанов көшесіндегі 5 қабатты үйдің екінші қабатында болған.
81 жасар кейуананың пәтерінде жылдар бойы жиналған қоқыс тұтанып, иесі ыстан көз жұмды.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бір сағат бойы арпалысты. Өрттің тұтануына үй иесінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы себеп болған деген болжам айтылуда.
