Ресейдің әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Қазақстандағы полигонда ПРО жаңартылған зымыран жүйесін іске қосуды сәтті түрде жүзеге асырды, деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме берген sputnik.kz.
Зымыранға қарсы жаңартылған құрал Ресей астанасын әуе-ғарыштық шабуылдардан қорғайтын болады. Сынақ Қазақстандағы Сарышаған полигонында жүргізілген.
«ПРО жүйесінің жаңа зымыранға қарсы құралы тапсырманы сәтті түрде орындап, белгіленген уақытта шартты нысанаға дөп тиді», — деп мәлімдеді Әуе-ғарыштық күштерінің әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бірлестігі қолбасшысының орынбасары, полковник Андрей Приходько.
