ҚР шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен Тәжікстан азаматшасы Ақтөбеде ұсталды, деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме берген ҚазТАГ.
«Мигрант» шұғыл-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе стансасында Тәжікстан Республикасының 37 жасар азаматшасын ұстаған, ол заңсыз түрде әдейі Қазақстан Республикасының шекарасын өткізу пункті арқылы кесіп өткен», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ҚР ҚК 392 б.1б. бойынша (ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) тергеу басталды.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап елдегі көлік полицейлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 73 азаматты жауапқа тартқан. Сондай-ақ 2749 адам әкімшілік жауапқа тартылған, соның ішінде елде болу ережесін бұзғаны үшін 2396 шетелдік бар, оның ішінде ТМД азаматтары – 2264, алыс шетелдікі – 132. Сот қаулыларымен 328 шетелдік ҚР шекарасынан шығарылған», - деп хабарлады көліктегі полицейлер.
