Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында заңсыз балық аулаған браконьерлерден 1 тонна балық тəркіленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел әрекет ету отрядының инспекторлары браконьерлік әрекеттердің жолын кесу үшін рейд жүргізген. «Рейд барысында Көкпекті ауданының «Үлгілі малшы» учаскесінде Самар кентінің тұрғындары қолға түсті. Олар ешқандай құжатсыз 1071 келі балықты заңсыз алып кетіп бара жатқан. Мемлекетке 250 айлық есептік көрсеткіштен артық залал келтірілген», - делінген басқарманың хабарламасында.Қазіргі уақытта заң бұзушылардың ісі процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына берілген.
